03 Маус 2020
Материал Тулпар

Біз туралы

Құрметті ата –аналар!

Ұжымның педагогикалық ұстанымы:
«Баланы ақылды  және парасатты адам ету үшін,
оны мықты және дені сау салауатты етіңдер:
әрдайым қимыл – қозғалыста болып, ойнап, күліп, жүгірсін»
Жан Жак Руссо

№26 «Тұлпар» бөбекжайы МКҚК қаланың шығыс ауданында  №34 ЖОББМ (қазақ тілді) және №23 ЖОББМ (орыс тілді) білім мекемелерімен көршілес орналасқан.  Жобалық қуаты 160 баланы құрайды, іс жүзінде 182 бала қатысады.

Педагогикалық ұжым жоғары және орта арнаулы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған жоғары білікті педагогтардан тұрады, 19 педагогтың 3-і жоғары санатты, 5 педагог бірінші санатты, ал 4 педагог  екінші санатқа ие, барлығы 63% -ды құрайды. Педагогтар біліктілігін арттыру курстарынан уақтылы өтеді және педагогика мен психологияның жеке зерттеу мәселелері бойынша практикалық материалдары өткізіледі, мақұлдаған. Қалалық білім беру бөлімінің жоспарларына сәйкес әдістемелік бірлестіктер, жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі топ тәрбиешілері үшін  ашық есік күндер, семинарлар ұйымдастырылады. Балалар құқығын қорғау департаментімен бірігіп жасаған ұжымның алты жылдық тәжірибесі, «Мектепке дейінгі ұйымда жағдайына әлеуметтік жобаларды іске асыру» мақсатында жинақталып, қорытындыланған.

        «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған типтік оқу бағдарламасының» міндеттері жүзеге асырылып, сонымен қатар инновациялық әдістер мен технологиялар, жаңа оқу құралдары барлығы мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына бағытталған.

         Балабақшадағы әрбір топ - баланың өмірін қорғауда және денсаулығын нығайтуда білім беру салаларын кіріктіруге  тәрбиелеу мен оқытудың  бірлігі негізінде интеграциялауды қамтамасыз ететін пәндік - кеңістіктік орта болып табылады.

«Балалар-отбасы-педагогтар» тізбегінің ынтымақтастығы негізінде мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында педагогтар мен барлық ұжым мүшелерінен құралған аса сүйіспеншілік орта қалыптасқан.

Сіздерді біздің бөбекжайда күтеміз!

Атауы: № 26 "Тұлпар" бөбекжайы
Тәрбие беру тілі: Қазақ, Орыс
Тип: Мемлекеттік
Негізгі құны, айына: Тарифтік жоспарға сәйкес (көру үшін басыңыз) Білім беру қызметтерінің тарифтік жоспары Жалпы білім беретін топ, толық күндік: 2 жастан 3 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; 3 жастан 4 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; 4 жастан 5 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; 5 жастан 6 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; Тамақтану қызметтерінің тарифтік жоспары Жалпы білім беретін топ, толық күндік, үлгілік тамақтандыру рационы: 2 жастан 3 жасқа дейін:9000 теңге бір ай үшін; 3 жастан 4 жасқа дейін:12000 теңге бір ай үшін; 4 жастан 5 жасқа дейін:12000 теңге бір ай үшін; 5 жастан 6 жасқа дейін:12000 теңге бір ай үшін; Жеңілдік қызметтерінің тарифтік жоспары Қарастырылмаған
Жұмыс тәртібі: Бескүндік жұмыс аптасы, 08:00-ден 18:00 дейін
Кезекші топ: 07:10-дан 08:00 дейін, 17:50-ден 19:00 дейін (тегін)
Қосымша жабдықтау: Психолог кабинеті
Телефон: +7 (7112) 28-64-98
Web-сайт: https://tulpar.bilim-oral.gov.kz/
Мекен-жай: Орал қаласы, Северо-Восток-2 шағын ауданы, 4 үй

ТАӘ: Канзила Ескаировна Абдуалиева
Лауазымы Директор
Жасы: 59 жас
Санаты: Жоқ
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі: 10 жас
Басшының жалпы еңбек өтілі:  10 жас

Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығы: 160 адам

Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 177 адам

Балалар топтардың саны: 7


2-3
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Айгөлек Қазақ 25 0 Қарапайым

3-4
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Солнышко Орыс 27 0 Қарапайым
Құлыншақ Қазақ 25 0 Қарапайым

4-5
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Теремок Орыс 23 0 Қарапайым
Аққоян Қазақ 24 0 Қарапайым

5-6
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Гномики Орыс 25 0 Қарапайым
Звездочка Орыс 28 0 Қарапайым